Өскемен гарнизоны механикаландырылған бригаданың саптық алаңында Отан алдындағы борыштарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 300-ден астам сарбазын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Аталмыш шара барысында және өткізуде бөлімнің жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстары мен әскери қызметтегі сарбаздар жетістіктеріне тоқталды.
- Осынау, абыройлы Отан қорғау жолында қызмет етіп келе жатқан офицерлер мен сержанттардың еңбек жемісі – қызметтеріндегі көрсеткіш нәтижесі сіздердің арқаларыңызда, қысқа мерзімде әскери саланың көптеген қыр-сырларын, техникалар мен қару-жарақтарды қолдануды меңгеріп шыққандарыңа сенімдімін,- деді бөлім командирі подполковник Аслан Кітапбаев.
Сонымен қатар, әрбір сарбаздың ата-анасына алғыс хат, грамоталар мен марапат сыйлық ретінде жыл көлеміндегі іс-шаралар мен оқу жаттығулардан әзірленген фотоальбомдар мен бейнетаспа жазылған дискілерді табыстады.
Шығарып салу рәсіміне арнайы шақырылған қонақ «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері» кеңесінің мүшесі запастағы аға прапорщик Қайрат Жүнісов сарбаздар қуанышына ортақтаса келе алғыс-тілегін білдірді.
Сарбаздар атынан сөйлеген қатардағы жауынгер Нұрасыл Рамазанов:
- 2020 жылы 1 әскер шақыру науқанында шақырылып, борышын өтеген сарбаздар атынан сіздерге шексіз алғыс білдіре отырып, Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы бригадада борышымызды өткергенімізді мақтан тұтамыз! Сіздер Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанды қорғауға, ептілік пен машыққа үйреттіңіздер, талап еттіңіздер, Отанды шексіз сүюге тәрбиеледіңіздер!, - деді.
Шара соңында барлық жеке құрам бөлім басшылығы және қонақтармен бірге естелікке суретке түсті.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі