Cемейде жерүсті көпірі пайдалануға берілді

633
көрілім
Фотосурет Семей қаласы әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Қайым Мұхамедханов көшесінің бойындағы №6 мектеп-гимназия алдында жерүсті көпірі қолданысқа берілді. Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі фейсбук желісіндегі ресми парақшасында жария етті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Көшенің екі жағында көпшілік шоғырланатын мектеп, аялдама және әкімшілік ғимараты орналасқандықтан тұрғындардың жолдан өтуіне қауіп төнетін. Пайдалануға берілген жерүсті көпірі ерекше келбеті мен дизайны арқылы қаланың көркін кіргізе түсті. Көпірдің негізгі мақсаты жол бойындағы қауіпсіздікті нығайтып, жол көлік апатының алдын алу, – делінген хабарламада.
Мереке қарсаңында халық жедел сатыны дұрыс пайдаланбағандықтан, қазіргі уақытта жауапты мердігерлер қосымша жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
– Жедел саты мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы қиын қарт адамдарға арналған. Алдағы уақытта арнайы кезекші жедел сатыны пайдаланушыларға көмектесіп тұратын болады - дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Серікқали Жұманов.
Көпірдің ресми ашылуы маусымның біріне жоспарланғандықтан қазір «Металлист» ЖШС жол жиектерін қалыпқа келтіріп, қосымша жөндеу жұмыстарын атқаруда.