Мыңдаған адамға радиация азабын жылдар бойы тарттырған Чернобыль апатына биыл 31 жыл толды. Апат нақты орын алған 26 сәуір қай жылы болмасын бұл адамдар үшін қаралы күн екені белгілі. Осы қаралы сәтті бір мезет ұмыттыру мақсатында жергілікті жерлердегі билік органдары бюджеттерінің шама-шарқынша апатты ауыздықтағандарға арнап бірреттік төлемақылар беруді жөн көрген екен. Осы себепті газетіміздің бұл жолғы санында аудан, қала әкімдіктерінің апат зардабын жоюға арнаған көмегі жайлы жазып өтуді жөн көрдік.
Мұндай төлемақылардың әр аудан, қала бойынша жылда қарастырылатыны белгілі. Дегенмен, қаражаттың қолға тиетіні белгілі болса да, алатын ақшаның көлемі әркімді болса да қызықтыратыны рас.
Аталмыш төлемақыны тағайындауда аудан, қалалардың бюджет көрпесіне қарай көсілгені көрініп тұр. Биылғы жылы мұндай төлемақының ең жоғарғы көлемін Глубокое және Үржар аудандарының әкімдіктері тағайындаса, ең төменгі төлемақыны Тарбағатай ауданы табыстайтын көрінеді. Сондай-ақ, жоғарғы төлемақы жасауға Аягөз және Катонқарағай аудандарының да тырысқаны көрініп тұр.
Төменде оқырман назарына өңіріміздің аудан, қалаларында айтулы күнге байланысты қарастырылған қаржы жөніндегі ақпаратты ұсынамыз.
Қала, аудан атауы |
Тұрғындардың санаты |
Төлемақы көлемі |
Өскемен қаласы | Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға | 65 000 теңге |
Аягөз ауданы | Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға | 75 000 теңге |
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер | 27 000 теңге | |
Глубокое ауданы | Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға | 100 000 теңге |
Чернобыль және басқа да ядролық апаттардан мүгедек болып қалғандар мен олардың радиация әсерінен мүгедек болып қалған балаларына | 20 000 теңге | |
Жарма ауданы | Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға | 65 000 теңге |
Чернобыль және басқа да ядролық апаттардан мүгедек болып қалғандарға | 29 000 теңге | |
Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға | 5 000 теңге | |
Зайсан ауданы | Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға | 60 000 теңге |
Сырқаты иондалған сәуле әсеріне ұшырағандығына байланысты мүгедектерге | 24 000 теңге | |
Катонқарағай ауданы | Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға қатысқандарға | 79 642 теңге |
Көкпекті ауданы | Чернобыль апатын ауыздықтауға қатысқандарға | 30 632 теңге |
Күршім ауданы | Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға | 60 000 теңге |
Тарбағатай ауданы | Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға | 5000 теңге |
Ұлан ауданы | Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға | 65 000 теңге |
Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға | 5000 теңге | |
Чернобыль және басқа да ядролық апаттардан мүгедек болып қалғандар мен олардың радиация әсерінен мүгедек болып қалған балаларына | 24 000 теңге | |
Үржар ауданы | Чернобыль апатын ауыздықтауға және ядролық сынақтарға қатысқандарға | 100 000 теңге |
Сырқаты иондалған сәуле әсеріне байланысты мүгедектерге | 24 000 теңге |