Cиноптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

595
көрілім

«Қазгидромет» РМК 2017 жылғы 12-14 тамызға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биіктік барометрлік ойпаттар Таймыр аудандарынан Қазақстанға ылғалды және салқын ауа алып келеді, осының әсерінен республиканың көптеген бөліктерінде ауа температурасы төмендейді. Сондай-ақ кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кейбір аудандарда тұман түсіп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Температуралық фон солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 2-12 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 15-25-тен 20-30 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды», — делінген хабарламада.

Астанада 11 тамызда ауыспалы бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде температура +8+10°С, күндіз +13+15°С. 12 тамызда ауыспалы бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с. Түнде температура +7+9°С, күндіз +16+18°С. 13 тамызда ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с. Түнде температура +11+13°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда 11 тамызда ауыспалы бұлт шығады, күндіз өткінші жауын, күн күркірейді. Желдің күші 2-7, екпіні 12 м/с. Түнде температура +19+21°С, күндіз +29+31°С.

12 тамызда ауыспалы бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Желдің күші 2-7, екпіні 12 м/с. Түнде температура +17+19°С, күндіз +21+23°С.

13 тамызда ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура +13+15°С, күндіз +26+28°С.