Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ басқарма төрағасы-ректорының міндетін атқарушы: Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс

3974
көрілім

Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ басқарма төрағасы-ректорының міндетін атқарушы Сәуле Рахметуллина Ұлытауда өтіп жатқан Құрылтай жайында ой бөлісті.

- Ұлтты ұйыстырған Ұлытауда жалпыұлттық Құрылтай өтуде. Мемлекет басшысы өз сөзінде негізгі үш бағытты айқындады: «Жалпыұлттық бірлікті нығайту», «Реформалардың мән-маңызын халыққа түсіндіру», «Жаңа технологиялар арқылы халықты ауқымды реформаларға қатыстыру». Әрине, президент Құрылтай барысында біртұтас елдің мәселесін бірден шешуді көздемесе де, халықтың сұранысын қанағаттандыратын бағыт-бағдарды ұсынып отыр. Qurultay деген арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсына отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына жаңа үн қосты.
«Халқымыз «Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» деп бекер айтпаған. Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс. Біз өскелең ұрпақты адал еңбекке баулып, жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуіміз қажет. Маңдай термен тапқан әр тиын – нағыз ардың ісі. Абай айтқан «толық адамның» еңбегі екенін жастардың санасына тоқуымыз қажет» деген сөзіне сүйенсек, бұл құрылтайдың жастарға негізделетініне көз жеткіземіз, - деді жауапты тұлға.