Даниал Ахметов: Өскемен қаласына 3,5 млрд. теңгенің автобустары беріледі

373
көрілім
Фотосурет nur.kz сайтынан

Облыс басшысы Даниал Ахметов Өскемен қаласына арнап жаңа автобустар шығарған «СемАЗ» зауытында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аймақ басшысы жақын уақытта облыс орталығы жолдарында жүретін жаңа автобустарды арнайы барып қадағалады.

– Автобустар жарым-жан адамдардың өтініш-тілектерін ескере отырып жасалған. Жуық арада Қазақстан даму банкімен жұмысты аяқтаймыз және Өскемен қаласына 3,5 млрд. теңгенің автобустары берілмек – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар аймақ басшысының ақпараты бойынша жақын уақытта облысымызда қоқыс қалдықтарын қайта өңдейтін екі зауыт ашылмақ, ондағы арнайы техникалары дәл осылай жергілікті өндірушілермен жасалады.

– Біз Еуропа жаңғыру және даму банкімен Өскемен және Семей қалаларында қоқыс қалдықтарын қайта өңдейтін зауыттар ашу туралы жұмыстар жүргізудеміз. Бұл үшін арнайы техникалар қажет. Біз «СемАЗ» зауытының басшылығын арнайы техникалар дайындауды және қытайлық серіктестерімен жұмыс істеуді сұрадық. Техникалар жақын арада дайын болады. Отандық техникалар шетелдік техникалардан кем болмайтынына сенімдімін. Ең бастысы бұл Қазақстанда орналасқан. Бұл біздің облысымыздың өндірісі және бағдарламаға сәйкес біз қоқыс қалдықтарын қайта өңдейтін зауытты техникамен қамтамасыз ете аламыз, – деп хабарлады Даниал Ахметов.