Облыс әкімінің ойынша, қараусыз жүрген үй жануарларына жағдай жасалмайынша, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды ату орынды әрекет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ басшысы қала тұрғындарын онлайн форматта қабылдады. Қабылдау кезінде қала тұрғыны Владимир Вересовкин қараусыз қалған жануарлар мәселесін тағы бір көтерді. Айтуынша, наурыз айынан бастап бей-берекет атуды болдырмау мақсатында тиісті заң күшіне енеді. Соған сәйкес қараусыз иттерге пана болар құрылысты бастау қажет болады.
– Қазір ақшаны иттерді атқанша сол құрылысқа жұмсасаңыздар, дімкәс жануарлар балаларға қауіп төндіруін жалғастыра бермек. Бұлай жарамайды! - деді Даниал Ахметов. – Лесхоз аумағында қаршадай қызды ит талап өлтірді. Енді не күтіп отырмыз, тағы не болмақ? Одан да қарапайым шешімге келейік: ауырған, құтырған иттердің көзін жойып, балалардың амандығын ойлаған жөн. Ал құрылыс жағын кейінірек ойлайық. Сол Лесхозда көз жұмған қыздың ата-анасы да солай ойлайтын болар.