Өткен жылы Шығыс Қазақстан бойынша 127 дәрігер жеткіліксіз болған. Биылғы жылдың 1 ақпанындағы көрсеткіш бойынша облыс аумағына әлі де 74 дәрігер жеткіліксіз екені анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Бүгін облыс әкімдігінің ғимаратында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Райфа Сафоллинова өңірдегі медициналық саланың жұмысы туралы есеп берді. Басқарма өкілінің есебін орта жолдан үзген аймақ басшысы биыл дәрігердің жетіспеушілігі мәселесін шешу маңыздылығын атап өтті.
– Естеріңізде болса, өткен жылы өңірде 127 дәрігер жетпеген болатын. Содан кейін Өскемен қаласының әкіміне тапсырма беріп, отбасылық жатақхана тұрғызылды. Сол жұмыс біршама мәселені тындырды. Ендігі кезекте 74 дәрігердің қай аудандарда және қалаларда екенін нақтылап беруді тапсырамын. Содан кейін біз жыл бойында тапшы дәрігерлердің барлығын үймен қамтимыз. Мен барлық 74 дәрігердің биыл үймен қамтылатынына кепілдік беремін, – деді Даниал Ахметов.
Аян Өрібаев