Аймақ басшысы коронавирустың алдын алу мақсатында шаһардағы қоғамдық көліктердің қалай дезинфекцияланып жатқанын тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі қалалық автобекет, трамвай паркі және "Воска" ЖШС-ның жұмысымен танысты. Мекеме басшылары қоғамдық көліктерді зарарсыздандыру кезінде барлық құрал-жабдықтардың жеткілікті екенін жеткізді.
- Жағдай бақылауда тұр. Қабылданған шаралар негізінде дезинфекция жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Алдымен барлық тұрғындарды сабырға шақырамын. Жуырда медициналық маскалар да жаппай қолданысқа берілетін болады, - деді Даниал Ахметов.
Трамвай паркі қызметкерлерінің айтуынша, қоғамдық көліктерді зарарсыздандыратын жұмысшылар күнделікті таңертең медициналық бақылаудан өтеді. Қандай да бір сырқат белгілері байқалса, фельдшер оларды бірден емханаға жібереді.
Нұрбек АСҚАРОВ