Бүгін еліміз ең басты мереке - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Бұл жай ғана мереке емес, бұл әлемдік стандарттар бойынша шағын болса да, біз үшін өте маңызды кезеңнің белгісі. 30 жылда жаңа егемен мемлекет тарихын құра білдік. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дана және сауатты басшылығымен біз барлық қиын кезеңдерді еңсеріп қана қоймай, Орталық Азия елдерінің көшбасшыларына шығып, әлемдік аренада лайықты орын алдық. Елбасы таңдаған бірлік пен келісім бағыты өзінің тиімділігін дәлелдеді. Біз бірлесе отырып күйреу мен әлемдік дағдарыстарды еңсеріп, экономикалық тұрғыдан дамыған әрі әлеуметтік жағынан қуатты мемлекет құра алдық, - деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен экономиканы табысты дамытып, әлеуметтік саланы нығайтып, демократиялық қайта құрулар жүргізілуде.
- Ел саясаты тұрақтылық пен адалдықты сақтап қана қоймай, елдің әрбір азаматының өмірін жақсартуға бағытталған. Қазіргі жаһандық сын-қатерлер - коронавирустық пандемия, қаржылық және экономикалық дағдарыстар, идеологиялық қарама-қайшылықтар кезінде біздің басты міндетіміз-бірлік пен келісімді сақтау. Құрметті жерлестер! Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен бейбітшілік пен келісім, зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін! Біздің ортақ үйіміз-Қазақстан Республикасына табыс пен гүлдену тілейміз!