Облыс әкімі Даниал Ахметов Сібе көліндегі муниципиалды жағажайдағы бей-берекетсіздікке наразылық білдірді. Аймақ басшысы Ұлан ауданының әкімінен Шалқар көлінің жағажайындағы кемшіліктерді жоюды талап етті.
Аппараттың кеңейтілген отырысында Даниал Ахметов жақында ашылған муниципалды жағажайдағы бей-берекетсіздікді қатаң сынға алды.
– Жуықта Сібе көліндегі жағажай ретке келтірілген еді. Алайда осыдан екі күн бұрын жүргізген тексеріс барысында тағы да салғырттыққа жол берілгендігі анықталды, – деді ШҚО әкімі, – Ұлан ауданының әкіміне ескерту жасаймын. Осы жайтты қайтадан жөнге келтірсін. Жұмысты істегеннен кейін, тәртіптің сақталуын қадағалау басты міндет. Бұл шаралар менің араласуымды күтпей-ақ істелінуі керек еді.