Бүгін таңғы сағат 7:00-де Риддер қаласының маңындағы алапат өрт ауыздықталып, оқиға орнында өрт сөндіру жұмысы әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі Даниал Ахметов өрттен қаза тапқан кент тұрғыны Галина Филаретовна Спивакованың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
- Үкімет пен облыс әкімдігі тарапынан сіздерге жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіледі. Өрттен зардап шеккендердің барлығы баспаналы болады. Бұл жағдай ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше бақылауында екенін атап өткім келеді. Алдын ала тұрғын үй мәселесін толық шешу үшін бізге екі жарым ай қажет. Риддерде салынып бітпеген бірнеше үйлер бар. Біз оларды сатып алып, құрлысты аяқтаймыз. Құрылыс компанияларымен бірге қалған үйлердің жағдайын бағалаймыз. Егерде біреу көп қабатты тұрғын үйден бас тартса және ескісін жөндеуді талап етсе, біз оны жөндейміз, - деді аймақ басшысы. - Құжаттарды қалпына келтірумен Полиция департаменті мен ХҚКО айналысатын болады. Барлық құжаттарды қалыпқа келтіреміз. Материалдық шығындарға келетін болсақ, төлемдер заңға сәйкес жүзеге асырылады. Арнайы комиссия жалпы шығындардың құнын анықтап, заңнама ережесіне сәйкес өтемақымен айналысатын болады.
Зардап шеккен тұрғындар үшін Риддер аграрлық-техникалық колледжінде – 50 орын, «Синегорье» б/о - 100 орын, «Казцинк» ЖШС жатақханасында тамақтану пункттері, сондай-ақ, адамдарды жеткізу үшін көлік дайындалды.
Қазіргі уақытта «Қазмырыш» ЖШС жатақханасына 13 адам орналастырылды.
Жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен және баспаналарынан айырылған тұратындардың санын анықтауда.
Таңертеңгі сағат 5:00-ден бастап, комиссия мүшелері өртенген үйлерді тексеріп, шығынды анықтауда.
ІІО-ға жұмыс жүргізіліп жатқан күдікті жеткізілді. Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір өртті сөндіруге ТЖД – жеке құрамнан 136 адам, 23 бірлік техника (16–АЦ, КУНГ, 2 Вахтовка, КШМ, АСА, УАЗ, ИПЛ); орман шаруашылығынан 161 қызметкер , 2 тікұшақ (МИ-8 С ВСУ-2,5 куб.м., Ми-2), 17 бірлік техника (5–АЦ, 6–орман шаруашылығы кешені, бульдозер, су тасығыш, 4–Басқа техника) жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдар - 29 адам, 16 бірлік техника (7–водовоз, 3–бульдозер, грейдер, трал, трактор, 3-Басқа техника). КӘАҚҚ - 47 адам, 5 бірлік техника (2–АЦ, 2–КУНГ, автобус) жұмылдырылды.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің күшімен құрамында 120 адам, 8 патрульдік экипаж өрт болған жерде тонау фактілерінің жолын кесу мақсатында бос тұрған тұрғын үйлердің жанында қоршау және кезекшілік ұйымдастырылды.
Барлығы: 493 жеке құрам, 69 бірлік техника, 2 тікұшақ. 07 сағат 30 минутта Павлодар және Нұрсұлтан қалаларынан қосымша МИ-8 тікұшағы көмекке келді.
Еске сала кетейік, кеше Риддер қаласының маңындағы орманда өрт шығып, қатты жел оттың тез таралуына ықпал еткен болатын. Нәтижесінде 9 учаскедегі 35 тұрғын үй өртеніп, Лесхоз кентінің ғимараттары мен ішінара үйлері отқа оранды.
Өрт кезінде 1948 ж.т. әйел адам көз жұмды. 1949 ж. Т. 2 ер адам және 1980 ж. т. зардап шекті.