Жуықта оның спортшылармен бірге түскен суреті әлеуметтік желілерде тараған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазіргі уақытта Париж төрінде жеңіл атлетикадан жүлде алу мүмкіндігі бар атлеттердің бірі - Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген желаяқ Нора Джеруто. Оған дейін жарыс жолына шыққан Ольга Сафронова да (200 м жүгіру), жерлестеріміз Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева да (биіктікке секіру), тіпті 3000 м қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден бақ сынаған Дэйзи Джипкемей де жүлдеден қағылды. Ал Нора болса, дәл осы сында 9:16.46 уақытын көрсетіп, финалға өтті. Оның өнерін көрермен тамыз айының 7-сі күні түнгі сағат 00:14-те тамашалай алады. Azattyq Rýhy сайты мәліметінше, Ахметов Джерутоны қолдап, Францияға барған. Айта кетерлігі, жарыс жолына әлі семейлік Жанна Мамажанова шыққан жоқ. 42 шақырымға жүгіретін марафоншы қыз 11-ші тамыз күні әлеуетін байқап көреді.
Айта кетейік, облыстың экс-басшысы Даниал Ахметов 2018 жылдан бері Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінде.