Даниал Ахметовтың өкілеттігі 2022 жылға дейін ұзартылды

1532
көрілім

Даниал Ахметов алдағы бес жылда ШҚО әкімі қызметін атқаратын болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Егемен Қазақстан газетіне сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңына сəйкес Шығыс Қазақстан облысының əкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2022 жылғы 15 маусымды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды, – деп хабарлайды басылым.