Дастарқан басындағы этикет ережелерін білесіз бе?

35702
көрілім
  1. Дастарқан басында дұрыс отыра біліңіз. Арқаңызды тік ұстаңыз. Шынтағыңызды үстелге қоймай, тек қолыңыздың білезігімен ғана тірелуге болады. Әсіресе шашыңыз ұзын болса, ыдысыңызға тым қатты еңкеймегеніңіз дұрыс.

  2. Үстелге сөмке, қалпақ, қолғап, көзілдірік пен оның қорабы, темекі қорабы, телефон сияқты нәрселерді қоюға болмайды.

  3. Егер тағам сізге басқалардан бұрын берілсе, ол барлығына ұсынылып болғанша күтіңіз. Тек қонаққа шақырған үй иесі рұқсат бергенде ғана өзгелерден ертерек кірісуіңізге болады.

  4. Ас үй құралдарын мақсатына сай пайдаланыңыз. Шанышқымен жейтін тағам үшін тек шанышқыны қолданыңыз. Қасықпен не шанышқымен сермеп отырып сөйлеу әдептілікке жатпайды. Мұның үстіне тамақ қалдығын тамызып, дастарқанды бүлдіруіңіз мүмкін.

  5. Аузыңызды тамаққа толтырып алып сөйлемеңіз. Біріншіден, бұл сырт көзге ерсі көрінеді. Екіншіден, қақалып қалуыңыз да мүмкін. Үшіншіден, түкірігіңіз шашырап, жаныңыздағы адамның тәбетін мүлдем қашырып жіберуі ықтималдылығы да бар. Тағамды үлкен кесектермен емес, бір жегенге ыңғайлы етіп шағын бөліктерге бөліп жеңіз.

  6. Ұсынылған тағам қатты ұнаса да, оны тамсанып, шылпылдатып жеу ерсі көрінеді.

  7. Сабырлы болыңыз және тамақты асықпай ішіңіз. Мұның денсаулыққа да пайдасы бар: әдеттегіден жылдамырақ тоясыз және тамақты азырақ жейсіз.

  8. Дастарқан басында тек тамақты ғана ойламай, айналаңыздағыларға да назар аударыңыз. Сізбен сөйлесіп отырған адамға тура қараңыз және оның сөзін бөлмеңіз. Сондай-ақ бейәдеп тақырыптағы әңгімелерге жол бермеңіз.

  9. Даусыңыз бірқалыпты болсын. Саңқылдаған дауысыңыз айналаңыздағыларға жағымды естіле қоюы екіталай.

  10. Қандай да бір себеппен үстел басынан тұру қажет болса, алдын ала кешірім сұраңыз. Сол сияқты ұялы телефонды орынсыз шұқылап отыру жақсы әдет емес.

  11. Тамақтанып отырып макияжды және шашты жөндеу – әдепсіздіктің белгісі.

  12. Үстелде дәмдеуіштер мен тұз алшақ тұрса, қолыңызды созып жатпай, жаныңыздағылардан алып беруді өтініңіз. Ал сізге біреу дәл осындай өтініш жасаса, сұрағанын оның қолына бермей, үстелдің үстіне қойыңыз.

  13. Ыстық тағамды үрлемеңіз − суығанын күтіңіз.

  14. Егер қандай да бір тағам түріне аллергияңыз болса, себебін міндетті түрде түсіндіріп, одан бас тартуыңызға болады.

  15. Тісіңізге тамақ тұрып қалса, оны үстел басында отырып тазалау (арнайы таяқшаны пайдалансаңыз да) әдепке жатпайды.

  16. Ыдысқа, әсіресе бокалдар мен құралдарда ерін далабының ізін қалдырмауға тырысыңыз. Ерніңіздегі бояуды алдын ала сулықпен сүртіңіз.

  17. Ортақ ыдыстан өзіңізге сусын құйып алғыңыз келсе, алдымен оны өзгелерге ұсыныңыз, одан кейін ғана өзіңізге құйыңыз.

  18. Дер кезінде рақмет айтып отыруды ұмытпаңыз.

  19. Тамақ ішіп болған соң, құралдарды үстелдің бетіне емес, тәрелкенің үстіне қойыңыз.

  20. Ал егер әлдекім осы этикет ережелерінің бірін білмесе, не оны байқаусызда бұзса, оған ескерту жасамаңыз.