Дауыс беру күнінде сайлау учаскелеріне азаматтардан 16 шағым түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«9 маусымда сайлау комиссияларына 18 шағым түсті. Бұл шағымдардың барлығы жеке тұлғалардан келді. Оның ішінде бізге, Орталық сайлау комиссиясына 11 шағым түсті. ОСК-ге түскен шағымдарды сипатына қарай келесі топтарға бөлуге болады. Шағымдардың басым бөлігі орнын айқындау мен дауыс беру тәсіліне қатысты мәселелер болды. Мәселен, сайлаушыларды сайлау учаскесінің нөмірін қалай білуге болатындығы, аталған учаскенің қайда орналасқаны, интернет арқылы дауыс беруге мүмкіндіктің бар-жоғы немесе электронды дауыс берудің басқа да мүмкіншіліктері қызықтырды», - деді Зәуреш Баймолдина Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында.
Оның айтуынша, келесі мәселелер сайлаушылардың тізіміне, оның ішінде есептен шығару куәлігінсіз қосуға қатысты болды. Сонымен қатар жекелеген сайлау учаскелеріндегі дауыс беруді ұйымдастырудағы бұзушылықтар турасында да шағымдар болды.
«Мұндай 4 шағым түсті. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Аумақтық сайлау комиссияларына қатысты айтар болсам, бюллетеньдердің бір бөлігін жарамсыз деп танылуы мүмкін бұзушылықтар көрсетілді», - деді ол.