Жері тау-тасты болып келетін Глубокое ауданында тасқын судың қатері жетіп артылады. Бұл жөнінде тілшілер алдында баспасөз мәслихатын өткізген аудан әкімі Қалиқан Байғонұсов айтты.
- Ауданымызда су тасқыны болады деген қатерлі аумақтар барлық 17 ауылдық округте бар. Олардың барлығының сызбасы жасалған, әр ауыл әкімі ол бойынша менің алдымда есеп берген. Өткен аптада тікұшақпен біз қаупі басым аумақтарды аралап қайттық, - дейді Қалиқан Байғозыұлы.
Ауданның Глубокое кенті, Ушанов және Опытное поле ауылдарына қар суынан ерекше қауіп төнетінін алға тартқан аудан әкімі, жергілікті жерлердегі дамбыларда апаттық су ағызулар жүргізіліп, тасқын бола қалған жағдайда қажетті инертті материалдар мен техникалар дайындалып жатқандығын айтты.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ