ШҚО-да өткен демалыс күндері 200-ге жуық жолаушы қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Өткен демалыс күндері 200-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды. Оның ішінде «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» бағынындағы жолаушылар да бар.
- Sherp жол талғамайтын көліктері алғаш рет құтқару операциясына қатысты, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Аталған техниканың күшімен Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылына апаратын жолда 13 адам құтқарылды.