Демалыс орындарына қалай жетуге болады?

675
көрілім
Жыл сайын жаз мезгілінде қаланың тынымсыз тіршілігінен сергу мақсатымен отбасыммен өңіріміздегі демалыс орындарының бірінде демалып қайтатын әдетіміз бар. Биыл да осы әдетімнен танбай Үржар ауданындағы Алакөл жағасына барып қайтуды ұйғарып отырмыз. Аталмыш бағыт бойынша қандай автобус бағдарларының барын және жолақысының қанша теңге тұратынын білгім келеді. Оқырман қауымға керек болып қалатын шығар, аталған бағытпен қатар демалыс аумақтарына қатынайтын басқа да бағдарларды қоса атап өтсеңіздер екен.

Жексен, Өскемен қаласы

Қазіргі уақытта облыс орталығы мен Семей қаласынан Үржар ауданына қатынайтын сегіз бағдардың барын алға тартқан Шығыс Қазақстан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев Өскемен қаласынан Өскемен — Алакөл, Өскемен — Алакөл — Барлық Арасан және Өскемен — Үржар сияқты үш рейстің күн сайын қатынайтынын хабарлады.

Төменде Өскемен және Семей қалаларынан өңіріміздің демалыс аймақтарына қатынайтын автобустар мен жолақысының құны туралы ақпаратты ұсынамыз.

Бағдар атауы

Шығатын уақыты

Жол жүру уақыты

Билет құны

(теңге)

Автобусты шығарып отыратын жауапты мекеме

Өскемен — Алакөл 19.30 12 сағат 37 минут 2 700 «Автопассажиртранс» ЖШС
Өскемен — Алакөл — Барлық Арасан 18.00 14 сағат 3 300 «Автобусный парк г. Аягоз» ЖШС
Өскемен — Айна д.ү. Жаз кезінде 8.30 2 сағат 19 минут 850 «Автопассажиртранс» ЖШС
Өскемен — Үржар 20.00 10 сағат 2 500 «Автобусный парк» ЖШС
Өскемен — Сібе көлдері (Шалқар көлі) 8.00 жаз кезінде сенбі, жексенбі күндері 1 сағат 850
Семей — Барлық Арасан 17.00 15 сағат 2 850 «Автобусный парк» ЖШС
Семей — Бақты 18.00 13 сағат 35 минут 2 600 «Автобусный парк» ЖШС
Семей — Мақаншы 19.00 12 сағат 20 минут 2 400 ЖК «Жарылғапов Е.Т.»
Семей — Алакөл 20.00 14 сағат 44 минут 3 000 ЖК «Жарылғапов Е.Т.»
Семей — Үржар 19.30 11 сағат 14 минут 2 800 ЖК «Жарылғапов Е.Т.»