77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшылар арасында отандасымыз түскен топ біршама қиын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеше үш салмақ бойынша жеребе тартылды. Демеу Жадыраев күресетін 77 келіге дейінгі салмақта Олимпиада чемпионы мен жүлдегерлері, Әлем чемпионы бар. Қазақстандық палуан алдымен Колумбиядан келген Хайр Куеромен жолығады. Одан өтсе, қырғызстандық Ақжол Махмұдов пен Камал Бей (АҚШ) белдесуінің жеңімпазымен кездеседі.
Сондай-ақ, бұл топта Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Золтан Леваи (Венгрия), Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Аик Мнацаканян (Болгария), Әлем чемпионы Бурхан Акбудак (Түркия), Әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері Санан Сулейманов (Әзірбайжан) бар.
Белдесулер бүгін түстен кейін сағат 14:00-де «Ел Арна» мен «Хабар» арналарынан көрсетіледі.