Демеушілер қатерлі ісікке шалдыққан өскемендіктің арманын орындады

482
көрілім
Фото: golos-naroda.kz сайтынан

Аян есімді 14 жастағы жасөспірімнің онкологиямен күресіп келе жатқанына алты жыл болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы уақыт ішінде оған бірнеше рет ота жасалған. Жасөспірімнің арманы – Диснейлендті өз көзімен көру еді. Еліміздегі қоғам белсенділері мен демеушілер сол тілегін орындады.
– Аянның Диснейлендке бару арманы күтпеген жерден орындалды. 19 қарашада жолға шығып, 5 күн бойы шетелде болдық. Бұл естен кетпейтін саяхат. Диснейленд ертегідегідей кішкентай қалашық секілді. Саяхаттан алған сезіміміз жадымызда өмір бойы сақталады, – деді Аянның анасы Назымгүл Назарбекова.
Ұйымдастырушылар сапар сәтті шығуына негіз болған демеушілерге алғыстарын білдірді.
– Біздің қор балалардың тілегін бірінші рет орындап отырған жоқ. Үш жыл қатарынан онкологиямен ауыратын жастардың кумирімен танысу, шетелге саяхаттау сияқты өтініштері жазылған хаттарды жинап жүреміз, – дейді  қордың мүшелері.
Қоғам белсенділері осындай жағымды эмоциялар балаларға дертпен күресуге көмектесетінін айтады. Аян қазір ремиссия кезінде. Соған қарағанда армандардың орындалатынына сенімді.