Денис қарапайым отбасында туған. Ауыр атлетика секциясына бұл бала өзінің досының арқасында келген еді. Досы Улановты атлетикамен бірге шұғылдануға шақырады. Әлі уыздай жас бала спортшының мансабы туралы ол кезде ойлаған емес. Бірақ жаттықтырушы оның бойынан үлкен потенциалды байқады. Ол кезде жас Денис Улановты Иван Строкатов жаттықтырған.
Алғаш рет спортшы Ресейдегі 2015 жылы өткен Ресей Федерациясы Президентінің Кубогындағы жарыстарда өзін көрсете алды. Екінші орын иеленіп, күміс медальді қанжығасына байлады.
Спортшының өміріндегі екінші маңызды межесі 2016 жылы ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатына қатысуы еді. 85 киллограмға дейінгі категорияда Денис Уланов алтын медаль алды. Жұлқи көтеруде 168 килограмм көтерсе, оқыс серпуде — 205 килограмм. Дәл осы жетістігі Дениске 2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік сыйлады.
Азия чемпионатынан кейін Денис Қазақстан құрамасынан орын алып, Рио-де-Жанейроға жол тартады. Өкінішке орай, олимпиада медаліне спортшы қол жеткізе алмады. Жұлқи көтеруде Денис 175 килограмм көтерсе, оқыс ерпуде — 215. Оның 85 килограммға дейінгі категориясында басты қарсыласы Габриэл Сынкрэян осындай жалпы 390 килограмм көтерді, бірақ Улановтан салмағы аз болды. Сондықтан қола медальді сол иеленіп кетті. 2016 жылдың желтоқсан айында допинг қолданғаны үшін румындық спортшы дисквалификацияланып, қола медаль ресми түрде Денис Улановқа көшті.
2017 жылы Тайпей қаласында өткен Жазғы Универсиадада ол 85 килограммға дейінгі категорияда 1 орын алды. Қазіргі уақытта Өскемен қаласында тұрып жатыр. Еңбегі сіңген жаттықтырушы Девяткин Александр Григорьевичтің жетекшілігімен жаттығуда.
Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru
Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.
Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.
Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.
Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.