Парламент Сенатының депутаттары Шәкәрім Бұқтұғұтов пен Ольга Булавкина Алтай ауданына барыпты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында олардың Жаңа Бұқтырма кентінің орталық алаңындағы абаттандыру жұмысына көз жүгірткендері жазылған.
- 200 орындық мектеп салу, дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, Сенат депутаттары Осинов асуындағы жол салу қарқынына да үңілді, - делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, халық қалаулылары Ұлан, Марқакөл аудандарына барулары мүмкін.
deputattar_shko_audandaryn_aralap_zhur
59