Дәріханаларға мониторинг жасау жалғасуда

1133
көрілім

Семейде «Nur Otan» партиясы филиалының өкілдері дәріханалар жұмысына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құрамында қалалық мәслихаттың хатшысы, «Nur Otan» партиясы фракциясының қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі және дәріханалар өкілдері бар дәріханалардың қызметіне мониторинг жүргізу бойынша уақытша мобильді топ «Медсервис+», «Іңкәр», «Аманат» көтерме фармацевтикалық қоймаларына барды.

Жауапты тұлғалар дәрі қоймаларының басшылығымен кездесті. Мобильді топ көтерме қоймаларға дәрі-дәрмектер жеткіліксіз мөлшерде келіп түсуіне байланысты дәріханалық бөлшек сауда желісінде дәрі-дәрмек тапшылығы болатындығын атап өтті. Жұмыс тобы алдағы уақытта да Семей қаласының дәріханаларына мониторинг жұмысын жалғастыратын болады.