Дәулет Әшімхан: Әкемнің 1972 жылдан бастап жазған күнделігін жарыққа шығару жоспарда бар

477
көрілім

Танымал жазушы, журналист Дидахмет Әшімханұлының ұлы бүгін тұсауы кесілген кітаптың қалай басылып шыққандығына тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кітаптың жарық көргеніне үш аптадай болды. Дәулет Дидахметұлының айтуынша, қазіргі уақытта әкесінің әлі еш жерде басылмаған күнделігі бар.

– 1972 жылдан 2015 жылға дейін жазған күнделігі сақтаулы. Сәтін салса бір том болып шығады, шамамен 400 беттей. Шығару жоспарда тұр. Әйтсе де онда замандастары жайлы жазған ащы шындықтары, эмоциямен айтқан тұстары бар. Сондықтан әзірге ертерек сияқты. Одан бөлек, газет қиындыларын теріп, жинақ қылып шығармақпыз. Публицистикалық материалдары да баршылық. Журналист ретінде жазған көптеген мақалалары бар, ол екі томдай. «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» газеттерінде қалам тартты. «Сәулелі ғұмыр» кітабы 500 тиражбен шықты. Тиражы неге аздау десеңіздер, бір жағынан қағаз қымбаттады. Әйтсе де сапалы етіп басылды. Жарты ақшасын төлеп, яғни пайыздық жеңілдік жасаған демеушіміз Рахымғали Құл-Мұхаммедті айта кеткен орынды, – деді Дәулет Әшімхан.