Бүгін отандасымыз Димаш Құдайберген Францияда өтіп жатқан атақты Канн фестивалінің қызыл кілемінен жүріп өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов өзінің Фейсбуктағы жеке парақшасында жазды.
Айта кетейік, Канн кинофестивалінің 70 жылдығы аясында тұңғыш рет қазақстандық киноға арналған ұлттық павильон ашылды. Аталған павильон ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің қолдауымен орнатылған болатын.
Биылғы Канн фестивалі аты аңызға айналған Клаудия Кардиналеге арналады. Клаудия Кардинале — белгілі италиялық актриса. Ол «Фицкарральдо», «Сегіз жарым» сияқты көптеген кинокартинада ойнаған.