Дін мен зайырлылық

2418
көрілім

Биыл еліміз өз Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Тарихи өлшем бойынша шағын осы кезеңде біздің еліміз өз тарихында жаңа кезең ашты, өз дамуында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Дін саласында да белгілі бір жетістіктер бар.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанда дінаралық бейбітшілік пен келісімді қалыптастыру және қолдау жөніндегі Белсенді мемлекеттік саясатпен ерекшеленетін зайырлы мемлекеттің бірегей моделі құрылды.
"Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: "Мемлекетіміздің зайырлы сипаты – Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты. Мұны Қазақстанның қазіргі және болашақ саясаткерлері, барлық қазақстандықтар айқын түсінуге тиіс. Бірақ біз зайырлы қоғамның да дәстүрлері бар екенін, Қазақстан – зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек", – деп атап өткен болатын.
Зайырлы мемлекеттің негізі – ар-ождан бостандығы, діни нанымдардың теңдігі, діни конфессияларға қатысты саяси биліктің бейтараптығы. Зайырлы мемлекет азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыруын және діни бірлестіктердің қызметін құқықтық реттеуді жүзеге асырады. Мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастар жүйесі қоғамдық қатынастардың қалған жүйесінен оқшауланбайды. Діни бірлестіктер Қазақстан қоғамының бір бөлігі, институттары, ал сенушілер – Қазақстан Республикасының толық құқықты азаматтары.
Зайырлы сипат – бұл қазіргі заманғы құқықтық Қазақстан мемлекетінің құрылуы мен жұмыс істеуінің негізін қалаушы қағидаттарының бірі. Мемлекеттік билік органдары канондық құқық негізінде емес, 1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде құрылады және әрекет етеді.
Конституцияның іргелі ережелерінің негізінде 2011 жылы қабылданған "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" ҚР Заңы қолданылады. Ол азаматтардың негізгі заңда, халықаралық актілерде және адам құқықтары туралы келісімдерде бекітілген ар-ождан бостандығы құқығын іске асырудың құқықтық тетігі болып табылады. Зайырлы Қазақстан жағдайында діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатының басым мәні бар. Мәселен, діни бірлестіктер саяси қызметтің субъектілері болып табылмайды және мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатыспайды.
Конституция әркімнің ар-ождан бостандығына кепілдік береді, сондай-ақ діни, этникалық және өзге де белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген нысандарына тыйым салады. Ар-ождан бостандығы дегеніміз – әр азаматтың өзі үшін рухани құндылықтар жүйесін өз бетінше таңдау құқығы. Азаматтардың діни сенім бостандығына адам құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету көпконфессиялы ел ретінде Қазақстан Республикасының өмірлік маңызды мүдделеріне жатады және оның демократиялық әрі құқықтық дамуының негізгі құраушыларының бірі болып саналады.
Конституцияның ережелері түрлі діндер мен конфессиялар өкілдерінің қатар өмір сүруіне және өзара тиімді іс-қимыл әрекетіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Қазақстандағы конфессияаралық қарым-қатынас моделі басқа елдер үшін бірегей үлгі болды.
Өзінің тиімді саясаты мен қолданыстағы заң нормаларын сындарлы іске асыруының арқасында Қазақстанда діни негіздегі қайшылықтар жоқ. Мемлекеттің зайырлылығының және діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуінің конституциялық қағидаттары мемлекет пен діни бірлестіктердің құзыреті мен функциялары салаларының нақты бөлінуі арқылы іске асырылады. Бұл олардың өзара қолайлы жағдайлардағы ынтымақтастығының алғышарты болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара қарым-қатынастардың нақты қалыптасып келе жатқан жүйесі ынтымақтастық, әріптестік сипатына ие. Өзара қарым-қатынастардың бұл жүйесі діни бірлестіктерге қоғам өмірінің түрлі салаларына қатысуға мүмкіндік береді, сол арқылы зайырлы және діни құқықтық қағидаттардың үйлесімділігі үшін алғышарттар ашады.
Қазақстанның әлемдік аренадағы елеулі еңбегі – біздің еліміз халықаралық құқық субъектілері арасында бірінші болып өзіне жауапкершілік алды. Сонымен бірге іс жүзінде түрлі әлемдік және дәстүрлі діндер мен конфессиялар көшбасшылары арасындағы диалогты ілгерілетумен айналыса бастады. 2003 жылдан бастап әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін тұрақты түрде өткізу – дінаралық және конфессияаралық диалогты тек сындарлы форматта жүргізуге мүмкіндік беретін пікірталас алаңына айналды.

Д.Қасенов
(Мақала облыстық Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша әзірленді.)