Жаңадан құрылған «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры тағайындалды.
«ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығымен Тоқымтаев Әлібек Тоқтаубекұлы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры қызметіне тағайындалды. Тоқымтаев Әлібек 2004 жылдан бері Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының директоры қызметін атқарған.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы №382 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылған болатын. Ұлттық парктің ауданы 143550,5 га. Бұл еліміздегі 13-ші ұлттық парк болып отыр.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ