Дмитрий Рейхерд. Үш қысқы олимпиада ойындарына қатысты

332
көрілім

Дмитрий Рейхерд 1989 жылы 8 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Бала кезінен спортқа қызығушылық танытып, фристайлды таңдайды.

Халықаралық жарыстарға Дмитрий 20004 жылдан бастап қатыса бастаған. Ол кезде Санкт-Петербург маңындағы «Қызыл көл» курортында өткен Еуропа Кубогында ол могулда 16-шы орынға ие болды. Бірнеше күннен кейін финдық Саллатунтуридегі параллель могулда 13-ші болады.

Дмитрийдің ең алғаш қатысқан олимпиадасы 2006 жылы Турин қаласында өтті. 18 жастағы спортшы могулда 33-ші болады.

2007 жылдың наурызында Дмитрий финдық Айролода паралель могул бойынша юниорлар арасында әлем чемпионы атанады. 2008 жылы Еуропа Кубогында бірнеше медальды қанжығасына байлады:

  • Шатель — «алтын» (могул және параллель могул).

  • Шлирзе — «қола» (могул).

  • Энгельберг — «алтын» (параллель могул).

Әлем Кубогы кезеңінде:

  • Оре «қола» (могул) және «алтын» (параллель могул).

  • Дир-Вэлли (2010 жыл) — «қола» (могул).

2010 жылы Ванкуверде өткен екінші олимпиадасында ол 18-ші нәтиже көрсетеді.

Алматыда өткен Азиада-2011 қысқы ойындарында Дмитрий могулда жеңіпаз атанады. 2012 жылы Қытацда өткен әлем Кубогында ол могулда рекордтық 800 ұпай жинап, екінші орынға ие болады.

2014 жылы қатысқан Сочидегі үшінші олимпиадасында Дмитрий Рейхерд 5-ші орын алды.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.