Думан Бағлан: Бүгінгі жарысқа тыңғылықты дайындықпен келдім

823
көрілім

Сарыөлең ауылдық округінің 60 жылдығын атап өтуде бүгін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ашық аспан астында өткізілген қол күресі бәсекесіне арнайы келіп қатысқандар легі мол болды. Күршімдіктерден бөлек, Самар, Көкпекті аудандарынан келіп қатысып, әр салмақта тартысты текетірестер тіркелді. Әсіресе, 70 келіге дейінгі салмақ. Қатысушылардың дені жастар, ересектер қарасы бірен-саран.


 Облыс көлемінде жалауын көтерген әр жарыста оза шауып жүрген күршімдік Думан Бағланның екпіні қатты еді. Бірде-бір рет жеңілмей, бірінші орынды қанжығалады.


- Бүгін жеті мәрте білек күшімді сынадым. Бірінші айналымда жолыққан қарсыласым бұрыннан таныс. Қалғандарымен алғаш рет қол күрестірдім. Барлығының дайындығы мықты екен. Өзім де осы жарысқа тыңғылықты дайындықпен келдім. Енді кезекті облыс чемпионатына жаттығуды бастаймын, - деді Күршім ауданы, Құйған ауылының тумасы.

Әділхан ЕСІМХАНОВ