Бұған дейін ол Ұлан ауданын басқарған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәслихат шешімінен кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Думан Рахметқалиевті қала тұрғындарына таныстырды.
35 жастағы Думан Есдәулетұлы Ахмер ауылында дүниеге келген. Ол халықаралық Прага университетінде білім алған. Кейін ҚАЕУ-де Құқықтану мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады. ШҚО Қаржы басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Бұған дейін Думан Рахметқалиев Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарды (2023 жылдың сәуірінен). Қазір аудан әкімнің міндетін бірінші орынбасары Ләззат Кенжетаева атқаруда.