Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

513
көрілім

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 30 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с-пен соққан желдің екпіні 28 м/с артады.

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей аумақтарын тұман басып, көктайғақ болады.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау өңірінің жекелеген жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болжанады.

Шығыс Қазақстан мен Атырау облыстарында тұман күтіледі.