Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады

353
көрілім

 Бүгін республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Бақ.кз-ке сілтеме жасап..

 

Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронтардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Түнде Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе обыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, Батыс Қазақстан, Ақтөбе обыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанда, Қызылорда, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, кей жерлерде Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қарағанда облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.