Джеки Чан: «Димаш мені таң қалдырды»

721
көрілім

Джеки Чан Димаш Құдайбергенге актерлік мансапта болашағы зор болатынын атап өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірде теледидарды қосып, Димаш сияқты тамаша әншіні көріп қалдым. Ол өзінің ерекше жоғары даусымен ән айтып жатты. Бүкіл жұртты және мені таңғалдырды. Содан кейін Димаш менің жанкүйерім екенін білдім. Онымен кездескеніме қатты қуандым. Димаш болашақта кинематографияның жарық жұлдызы атанады деп сенемін, – деді актер Астанада қазақстандық БАҚ-тармен өткен кездесу барысында.

Айта кетерлігі, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін арнайы келіп отыр.