Халықаралық дзюдо федерациясы аталған аламанның ресми түрде басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Olympic.kz ұсынған мәліметке сәйкес, пандемия басталғалы бері алғаш рет өткізілетін жарыс 23-25 қазанға жоспарланған. Өтетін жері – Мажарстан астанасы Будапешт. Сайыс барысында коронавирустың алдын алуға арналған медициналық хаттамаға баса назар аударылады. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнир кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Осы ретте IJF президенті Мариус Визер бұл қадамның әлемдік дзюдо мен спорттағы тарихи сәттердің бірі екендігін мәлімдеді.
– IJF ережелеріне сәйкес «Үлкен дулыға» турнирі өтетін сәтті асыға күтудеміз. Турнир денсаулық пен қауіпсіздікті сақтауға арналған ғаламдық іс-шаралар аясында өтеді. Осындай қиын кезеңде ауызбіршілік танытқан баршаңызға алғыс айтқым келеді. COVID-19 жағдайына бейімделіп, сүйікті спортымыздың қайта оралуына атсалысудамыз. Спортшылар жарыс алаңына қайта оралу үшін де қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деді ол.