Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев — Олимпиаданың қола жүлдегері

155
көрілім
Фотосурет: azattyq-ruhy.kz

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық татами шеберінен айласын асырып, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Отандасымыз жартылай финалда 24 жастағы бразилиялық дзюдошы Виллиан Лимадан ұтылып қалды.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызбаев алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырса, екінші белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан айласын асырып, ширек финалға шықты.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері.