Дзюдошылар оқу-жаттығу жиынын әлі бастамайды

605
көрілім

Бүгінгі таңдағы қоғамның қауіпті обасы екпінін әлі тежей қоймағанымен бірқатар мемлекеттерде, атап айтқанда біздің елімізде кей спорт түрлері бойынша біртіндеп оқу-жаттығу жиындары мен сайыстардың күнтізбелік жоспары бекітіле бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айтпағымыз, татами шеберлерінің әзірлігі жайлы. Осыдан бір жеті бұрын ел көлемінде Төтенше жағдай режимі тоқтатылып, спортшылар жуықта дайындыққа кіріседі деген ақпар тараған еді. Ерлер құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов та жаттығу барысында барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталатындығы жайлы мәлімдеген еді. Дегенмен бұл жаңалық спортсүйер қауым мен татами шеберлерін бір қуантса, артынша әзірліктің кейінге шегерілгендігі белгілі болды.
– Дзюдодан ерлер Ұлттық құрама командасының Алматы облысында жоспарланған оқу-жаттығу жиыны белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Жоспарға сәйкес карантин режимінен кейінгі алғашқы жиын ерлер құрамасы үшін 27 мамыр мен 8 маусым арасында, ал әйелдер командасы 26 мамыр мен 12 маусым күндері өтуі тиіс болатын. Жиынның өткізілмеуіне коронавирус пандемиясы себеп болған, – деп жазылған халықаралық олимпиадалық комитет сайтында.