Егер сізде COVID-19 белгілері пайда бола бастаса, не істеу керек?

428
көрілім


ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы күндері өңірімізде коронавирус инфекцияcын жұқтырғандардың айтарлықтай өскендігі байқалады. Біздің облыс өткен тәулік ішінде «жасыл аймақтан — қызыл аймаққа» өтті. Бір тәулік ішінде өңірде КВИді жұқтырған 213 жағдай тіркелді.

Аурудан сақтану шараларын ұмытпаңыз. Осы ретте, егер сізде COVID-19 белгілері пайда бола бастаса қалай әрекет ету керектігін тағы да еске салғымыз келеді.
Егер сіз суық тиюдің, тұмаудың немесе пневмонияның белгілерін сезсеңіз, бірден емханаңызға хабарласып, ПТР әдісімен коронавирусқа тегін талдау жасай аласыз. Тестілеу тегін және байланыста болған адамдарға да тегін жүргізіледі.
Өзгелерді қауіп-қатерге ұшыратпау үшін емхананың тіркеу бөліміне қоңырау шалып, мобильді бригаданы үйге шақыруға болады.
Естеріңізге сала кетейік, мобильді бригадалар өз аумағында 8.00-ден 20.00-ге дейін қоңырауларға қызмет көрсетеді.
Егер пациент тіркелген жері бойынша емхана аумағында тұрмайтын болса, оған 103-ке көмек сұрап жүгіну қажет. 20.00-ден кейінгі қоңырауларға жедел жәрдем қызмет көрсетеді.
Өкпенің қабыну процестерінің дамуына күдік болған кезде, стационарға шұғыл емдеуге жатқызу қажет болғанда, компьютерлік томография немесе кеуде қуысының рентгенографиясы ТМККК шеңберінде жүргізіледі.
Басқа жағдайларда сақтандырылған болуы қажет.
Сондай-ақ, сақтандырылған статус аурудан кейін белгілі бір уақыттан кейін жоспарлы тексеруден өту үшін қажет болады.
Тәулік бойы жұмыс істейтін ауруханаға жатқызу сатурацияның төмен деңгейімен, ентігудің жоғарылауымен және өкпенің зақымдануының жоғары деңгейіне байланысты өздігінен дем ала алмауымен байланысты болады.
Бұл үшін ПТР нәтижесі жеткіліксіз.
Үйде емделуге шешім қабылдаған және инъекциялар және/немесе тамшылар тағайындалған науқастар үйде күндізгі стационар қызметін ала алады.
Клиникалық симптомдардың жоғарылауы және әл-ауқаттың нашарлауы кезінде дереу учаскелік дәрігерді хабардар ету қажет.
Емдеу хаттамасына сәйкес стационар деңгейінде де, емхана деңгейінде де ҚР ДСМ №75 бұйрығына сәйкес барлық қажетті дәрі-дәрмектер тегін беріледі. Рецептті емдеуші дәрігерден алуға болады.
COVID-19 ағымының жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде пациент парацетамол, ибупрофенге сүйенеді.
Егер пневмония, тромбоэмболия қаупінің ықтималдығы туралы айтатын болсақ, онда сіз дабигатран капсулалары мен ривароксабан, апиксабан, парацетамол және ибупрофен таблеткаларын ала аласыз.