Әкімдер қандай шаралардың өткізілуіне тыйым салады?

500
көрілім
Шартты фотосурет

Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері спорттық және өзге де бұқаралық, сонымен қатар отбасылық, еске алу шаралардың өткізілуіне тыйым салынуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жайында ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қол қойған ел халқын коронавирус инфекциясынан қорғау шараларын одан ары күшейту туралы қаулысында айтылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған қаулыға сәйкес, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдері спорттық және өзге де бұқаралық, сонымен қатар отбасылық, еске алу шаралардың өткізілуіне тыйым салынуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда, ойын-сауық орталықтарының, кино театрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын өзге де нысандардың жұмысына тыйым салынады. Діни нысандардың да есіктері әзірше келушілер үшін жабық.

Бұдан бөлек, әкімдер әкімдіктер жанындағы ұтқыр топтардың күшімен нысандардың кейбіріне тексеру жүргізуді және індетке қарсы режим талаптар орындалуын сақтауға мониторинг жүргізі қажет. Әскер қатарына шақырылушылар әскери бөлімге келгеннен кейін ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтуі тиіс. Қоғамдық орындар, өнеркәсіп аумақтары, әуежайлар, ауладағы балалар алаңдары және өзге де нысандарда санитарлық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Сонымен қатар халық арасында COVID-19-дың таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қолға алуылары қажет.