Алматы қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы ел чемпионатында кейбір фавориттер сайыспен қош айтысып, бабы келіскендері бәсекені жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мамандар сөзінше, әр салмақтағы бәсеке қызып тұр. Жеңіл салмақтардан бастап 60, 64 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде небір тартысты текетірестер өтуде. Дастан Сақпанов, Шалқар Байсарин, Талғат Жақпеков сынды бапкерлер бастап барған спортшылардың бірқатары қарсыластарына есе жіберіп, жүлдеден шет қалды. Берілген мәліметке сәйкес ширек финалға 46 келіге дейінгі дәрежедегі Ернар Қарап, 60 келіде Азия чемпионы Руслан Күзеубаев, 64 келіде Бауыржан Сатжанов, сондай-ақ 81 келіге дейінгі салмақта Аян Сабыржанов шықты.
Ернар маңғыстаулық Иманғали Сақтағановпен, Руслан шаршы алаң қожайыны Батыр Сыдықбеков, Бауыржан шымкенттік Нұрлыбек Үзенбаев, ал Аян Сабыржанов қарағандылық Еркебұлан Советовпен қолғап түйістіреді.