Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесу кезінде қысқа балақ пен ұзын сақалдың біздің дәстүрге сай келмейтінін айтты. Елбасы мұндайға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Елбасы діни сауатсыздыққа айрықша назар аударды.
— Діни сауатсыздықтың кеселінен жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді, — деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мәдениетінің тарихына, қазақ әйелдерінің дәстүрлі киіміне тоқталып, қара киім мен дін арасында ешқандай байланыс жоқ екенін атап өтті.
— Егер жастарымыз халқымызға жат уағыздарға ерсе, мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Біз бұған жол бермейміз. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, ұлтымыз тату болып, еліміз зайырлы мемлекет ретінде одан әрі дамуы керек. Біз өзіміздің игі мақсатымызға қарсы шыққандарға көне алмаймыз. Бұл — мемлекеттік аппараттың ғана емес, барша Қазақстан халқының, оның болашағының мүддесі, — деді Қазақстан Президенті.
Елбасы халық арасындағы діни сауаттылықтың маңыздылығын тілге тиек етіп, имамдардың өз қызметі барысында патриоттық тәрбиеге ден қоюға тиіс екендігіне назар аударды.
— Нағыз мұсылманды киген киімінен емес, ішкі иманынан таниды. Кімнің жүрегінде сүйіспеншілік болса, соның иманы бар. Біз өркениетті әлемге қарай қадам басып, ғылым мен білім есігін ашуымыз қажет. XVIII-XIX ғасырларға дейін мұсылман дүниесі бүкіл әлемде көшбасшы болды. Ол ғылымның қайнар көзі, философтардың, дәрігерлер мен жазушылардың отаны болды. Қазір біз бұл жағынан көшбасшылық орнымыздан айырылып қалдық. Бүгінде азаматтарымыз интернет арқылы түрлі мәліметтер алады. Осылайша, дәстүрлі емес ағымдардың да уағызын тыңдап жүр. Ол үшін түрлі әдістер мен технологиялар қолданылуда. Біз де олармен күрес жүргізу үшін ақпараттық технологияларды қолдануымыз керек. Қажет болған жағдайда, мемлекет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қолдау көрсетуге дайын. Мен өзімнің мақаламда «Туған жер» бағдарламасына ерекше көңіл бөлдім. Ол бізге әр өңір, әр елді мекен туралы мол мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Әрқайсымыздың жүрегімізде патриотизм болуға тиіс. Осы орайда өз уағыздарыңызда Отанды сүю тақырыбына айрықша көңіл бөлулеріңізді сұраймыз», — деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Мейрамбек ҚОСАЖАН