Ел тарихында екінші рет жалпыхалықтық референдум өтпек

454
көрілім

Конститутцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумның маңызы мен мәнін азаматтарға түсіндіру мақсатында  «AMANAT» партиясы ШҚО филиалының жанынан құрылған өңірлік штабтың мүшелері Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы өкілдерімен кездесті.
Өңірлік штаб мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Инесса Чернышёваның сөзінше, мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілгелі отыр. Бұл – «Халық үніне құлақ астаны мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі.
– Мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі – сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады. Партиялық жүйені дамыту мен олардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында – саяси партияны тіркеу талабы 20 мың адамнан бес мың адамға төмендейді. Өңірлік өкілдіктер саны 600 ден 200-ге азайып, бастамашыл топ саны 1000-нан 700-ге қысқарды. Бұлардың барлығы Әділетті Қазақстанды құрудың алғышарты, – деді ол.


 5-маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдумда Конституциядағы 98 баптың 33-і өзгертілмек. Бұл дегеніміз  Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі.
- Конституцияның жаңарған нұсқасында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр, - деді өңірлік штабтың мүшесі, «Атамекен» ШҚО Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Бекжан Жұмакишев.
Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы.