Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

340
көрілім

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 14 тамыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Күндіз бұршақ жауады.
Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с артады. Түркістан облысының жекелеген аумақтарында дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Павлодар, күндіз Қостанай облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз кей жерлерде бұршақ болжанады.
Алматы облысының кей жерлерінде 17-22 м/с екпінде жел тұрып, оған шаңды дауыл қосылады.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.