Дзюдодан ұлттық құраманың көшбасшысы Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды сыйлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Ulyssport.kz сайтына сілтеме жасап.
Дзюдодан Париж Олимпиадасында 60 келідегі Елдос Сметов финалдық белдесуде жарыс қожайыны Лука Мхеидзені вазари әдісімен жеңді.
Бұл Елдос Сметовтың үшінші Олимпиадасы. Бұған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанса, 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола жүлдеге иелік еткен. Енді Париж төрінде алды.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасының ресми алғашқы жарыс күнін Қазақстан спортшылары 2 жүлдемен аяқтады. Бұған дейін 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен атудан аралас жұптық сайысында Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлдегер атанды.