Электронды болмақ

459
көрілім

ІІМ, Әділет, Ақпарат және коммуникациялар министрліктері «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясымен бірлесіп, қазан айынан бастап «электронды үй кітапшасын» қолданысқа енгізді, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әрбір азамат тіркелгені туралы мәліметтерді, ал тұрғын үй иесі өз мекенжайында тіркелген барлық адамдар туралы ақпаратты ХҚКО немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы ала алады.

- Қазіргі уақытта ІІМ мекенжайды тіркеу кодын автоматты түрде енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Бүгінгі күні халықтың 50%-дан астамының мекенжай мәліметтеріне мекенжайды тіркеу коды енгізілді. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады, - делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ерлен ОСМАНОВ