«Әлем аруы» атанды

713
көрілім

Семейлік Лейла Құлжанова Мәскеуде «World Beauty 2018» сұлулық, сән және дарын байқауы фестивалінің жеңімпазы атанды.

Фестивальға барлық жас дәрежелері бойынша әлемнің 20-дан астам мемлекетінен үміткерлер қатысты. Финалға шығудан бұрын үміткерлердің әрқайсысы өз елдерінде ұйымдастырылған іріктеу кезеңдерінен өткен. Іріктеу кезеңдері Ресей, Мальта, Македония, Қазақстан, Вьетнам, Франция, АҚШ, Түркия сияқты өзге де бірқатар мемлекеттерде ұйымдастырылған. Сайысқа қатысқан семейлік Лейла Құлжанова «Әлем аруы - 2018» байқауында үздік атанып, «Gold» дәрежесіндегі (36-40 жас) «Grand-Prix-Mrs. World 2018» атағын жеңіп алған.

Лейла - түрлі сән байқауларының жеңімпазы ғана емес, ол сонымен қатар мықты кәсіпкер де. Ол банк құрылымын басқарады. Қайырымдылық шараларына көп қатысады, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі.

Байқауға қатысушылардың барлығы демеушілерден сыйлықтар алды. Сонымен қатар оларға Пьер Карденнің жетекшілігімен өтетін «Universe Beauty 2019» сұлулық, сән және дарын байқауына қатысу үшін 50 000 доллардың сертификаттары берілді.

Асқар ТҰМАРБЕК