Аллергиялық аурулар қазіргі уақытта маңызды медициналық-әлеуметтік проблемаға айналды. Әлем халқының 40%-ы аллергиялық аурулармен ауырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Жыл сайын 8 шілдеде Дүниежүзілік аллергиямен күрес күні атап өтіледі. Кейінгі 20 жылда әлемде генетикалық бейімділікке және оларды клиникалық көріністер түрінде жүзеге асыруға әкелетін көптеген фактордың болуына байланысты аллергиялық аурулардың эпидемиясы байқалады.
Жаһандық статистика мәліметтері бойынша, әлем халқының әрбір төртінші-бесінші адамы аллергиямен ауырады. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергология орталығының басшысы Арай Батырбаеваның айтуынша, кез келген аллергияның негізгі себептері адамның генетикасына негізделген. Көбінесе аллергия ерте жаста тағамға жоғары сезімталдықпен пайда бола бастайды.
«Аллергиялық аурулардың алдын алу үшін аллергия тудыратын заттарды анықтау және есте сақтау қажет. Олармен байланыста болудан аулақ болыңыз, қажет болған жағдайда өзіңізге қалай көмектесуге болатынын біліңіз. Егер өсімдік тозаңына аллергияңыз болса, ауа температурасы жоғары болған кезде күнге шықпаңыз, масканы қолданыңыз. Егер жәндіктер шағып, орнында жәндіктің уы қалса, оны алып тастаңыз және тістеген жерге суық компресс қойыңыз. Үйдегі дәрі қобдишасында дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектер болуы керек. Өздігінен емдеумен айналыспай, медициналық мекемеге жүгініңіз», - дейді дәрігер А.Батырбаева.
Аллергия – бұл организмнің қоршаған ортаның кейбір факторлары – аллергендердің әсеріне жоғары сезімталдық жағдайы, осы заттардың қайта әсерінен өршиді. Бұл аурудың дамуына ықпал ететін факторлардың ішінде ең көп тарағандары: қоршаған ортаның ластануы, психологиялық шамадан тыс жүктеме, климаттың өзгеруі, сапасыз тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолдану.
Айта кетейік, «Аллергия» терминін 1906 жылы балалар дәрігері Клеменс фон Пирке енгізген. Симптомдар ежелден бері белгілі. Аллергия туралы алғаш рет Ежелгі Египетте айтылған, бірақ оны ауқымды зерттеу тек ХІХ ғасырда басталды.
Республикалық жолдарды күтіп ұстауға ғана жыл сайын 80 млрд теңге керек. Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында осындай дерек келтірді.
«Республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолдарды күтіп ұстауға 80 млрд теңге қажет. Сондықтан, бюджетке артық салмақ түсірмеу үшін ақылы жолдарды енгізу жұмыстары жалғасады. Бүгінгі таңда ақылы жолдардың жалпы ұзындығы — 3 мың 200 шақырым. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл жолдардан 30 млрд теңге жиналды», — деді ол.
Министр аталған қаражат жолды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеуге және техника сатып алуға жұмсалғанын атап өтті.
«Реконструкциядан өткен жолдарды нормативтік деңгейде күтіп ұстау үшін биыл жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын 11 учаскеге кезең-кезеңімен ақы алуды енгізу жоспарланып отыр», — деді М…