Әлем кубогінен тыс қалған палуандар

770
көрілім
Фотосурет qsport.kz сайтынан

Санаулы күндерден соң Сербияның астанасы Белградта күрес түрлерінен Әлем кубогі өтеді. Өкініштісі сол, бұл аламаннан қазақстандық спортшылар шет қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Республиканың бірқатар порталдары мен күрес парақшалары Белград бозкілемінде ел намысын абыроймен қорғап, сапалы белдесу көрсетулері мүмкін деген палуандар тізімін ұсынды. Әлбетте, «әйтеуір қатыспайды екен, олардың есімін жариялаудың не қажеті бар?» дейтіндер де табылар. Ол да орынды. Әйтсе де барып бірінші нөмірлі палуандар сол бәсекеде бақ сынағанда төртжылдықтың басты бәсекесі алдында өлшеусіз тәжірибе жинап, қарсыластарының аяқ алысын бір байқап алар еді.

Ал мамандар ұсынған үздіктер қатарынан Алматыда өткен ел чемпионатында топ жарған спортшылар бар. Олар кімдер? Алдымен 60 келіге дейінгі салмақтағы қызылордалық Айдос Сұлтанғалиға сенім артылары сөзсіз. Одан кейін 67 келі салмақтағы жерлесіміз, үржарлық Алмат Кебіспаевтан зор үміт күтеді. Оның салмағында ресейлік Артем Сурков пен кубалық Исмаэль Борреро сынды қарсыластарын ерекше атап өтуге. 77 келіде ел чемпионы атанған Демеу Жадыраев немесе Асхат Ділмұхамедов болсын, әлі бабында. Ал еркін күрестен бәсеке деңгейі айрықша артып тұрған 74 келіде солтүстікқазақстандық Нұрғожа Қайпанов жүлде үшін талас жүргізуге қауқарлы. Себебі осы салмақта былтыр Әлем чемпионатының қола медалін иеленген көкпектілік Данияр Қайсанов жарақат алған болатын.

Сондай-ақ 61 келі мен 70 келіде жасындай жарқыраған Алматы облысының өкілі Адлан Асқаров пен атыраулық Сырбаз Талғат та сыралғы қарсыластарымен шеберлік байқасар ма еді деген болжамдар бар.