Әлемдегі емдік қара жұмыр тасы бар жалғыз көл жағажайы ШҚО-дағы алакөлде орналасқанын білесіз бе?

494
көрілім

Алакөл — Шығыс Қазақстандағы ірі көл. Оның аумағы 2650 шаршы метр. Көл ШҚО Үржар ауданы мен Алматы облысының шекарасында орналасқан. Бұл сирек кездесетін емдік қара жұмыр тасы бар тұщы-тұзды ағынсыз көл. Мұндай жағажайлар әлемде тек Исландия мен Гавай аралдарында ғана кездеседі — ол жерлерде жанартау белсенділігі күшті. Бірақ бұлар теңіз жағажайлары болып табылады. Ал көл жағажайы тек біреу ғана.

Алакөлдің суы емдік, бальнеологиялық қасиетке ие, фтор мен бромға бай. Тері ауруларына шалдыққан адамдар Алакөлге барып емделеді.

Көлге бес өзен құяды — Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Жаманөткел, Ырғайты және Жаманты. Гидрографтардың пікірінше, ежелде Алакөл, Сасықкөл, Қошаркөл мен Жалаңашкөл бір үлкен көл болған, кейін суы тартылып, олар бірнеше көлге айналған. Алакөлде Барлық-Арасан бальнеологиялық курорты және басқа да көптеген туристік базалар орналасқан.

Көлдің маңында атақты Жоңғар қақпасы бар, ол арқылы Қазақстанның территориясына шығыстан келген басқыншылар: хуннулар, монғолдар, жоңғарлар кірген.