Әлемдегі ең кәрі қазақ әйелі қайтыс болды

454
көрілім
Фотосурет: Pix-feed.com.

Астрахан облысы Алча ауылында 125 жастағы Танзиля Бисембеева қайтыс болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Танзиля Бисембеева 1896 жылы дүниеге келген. Бірнеше революцияны өткерген. Ол биыл қаңтар айынан бастап әлемдегі ең кәрі адам ретінде саналған. Ол жайлы Ресейдің рекордтар кітабында да айтылады.

Бисембаеваның артында үш ұлы, 10 немересі, 24 шөбересі және екі шөпшегі қалды.

Ал Гиннесс рекордтар кітабының нұсқасы бойынша, бүгінде әлемдегі ең кәрі адам - Канэ Танака, ол 116 жаста.